Үндістанда дәрігерлердің ескі купюраны қабылдаудан бас тартуы сәби өліміне соқтырды

The Independent басылымының жазуынша, оқиға Мумбаидың шет жағындағы клиникалардың бірінде орын алған. Ерлі-зайыптылар қатты сырқаттанған сәбилерін алып келген. Ауруханада оларға ұл баланы емдеуге алты мың рупий көлемінде ақша төлеуді ұсынған. Ата-ана келіскен, бірақ 500 рупийдің бірі ескі болып шығады.
Клиника әкімшілігі бұл банкнотты қабылдаудан бас тартады. Амалдың жоқтығынан әке-шешесі нәрестені өзге ауруханаға апара жатқан жолда сәби көз жұмды.
Полиция осы келеңіз жағдай бойынша тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетер болсақ, осы жылдың 8 қарашасында Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди елде номиналы 500 және 1000 рупиді айналымнан шығару жөнінде жариялаған еді.
Осы шешім қабылданғаннан кейін елде ескі нұсқадағы ақша тағы үш тәулік бойы қабылданды. Ал таяу уақытта жаңа 500 және 2000 рупий айналысқа енгізілмек.