Үндістанда от фестивалін мерекелеу кезінде 30-дан астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Телангана штатында Дивали от шашу фестивалін мерекелеу кезінде кем дегенде 30 адам көз жарақатын алған. 

Үндістанда от фестивалін мерекелеу кезінде 30-дан астам адам зардап шекті

Зардап шеккендерге офтальмологиялық ауруханада көмек көрсетілді. Ал ауыр жарақат алған алтауына алдағы күндері ота жасалады, деп жазды жұма күні Telangana Today басылымы.

Дивали - үнділердің жарықтың қараңғыны, білімділіктің надандықты, мейірімділіктің рақымсыздықты және үміттің қайғыны жеңетінін білдіретін   бас мерекесі. Әлем бойынша ол «От фестивалі» деген атауға ие болған.