Үндістанда су тасқыны 220-дан астам адамның өмірін қиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны 220 адамнан асты, деп хабарлады РИА Новости елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

Бұдан бұрын 180-нен астам адамның қазаға ұшырағаны хабарланған болатын.

Бірден бес штатты қамтыған нөсер жаңбыр Үндістанның шығысы мен батысында су тасқынына әкеп соқты. Батыс Бенгалия, Манипур, Раджастан, Гуджарат және Одиша штаттарындағы құтқару операцияларына құтқарушылармен қатар, армия бөлімшелері мен әскери авиация жұмылдырылды.

Өткен жылғы Үндістан мен Пәкістанның солтүстік аудандарындағы су тасқыны салдарынан 440-тан астам адам құрбан болған еді.

Соңғы жаңалықтар