Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны 325 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында су тасқыны құрбандарының саны 325-ке жеткен.
None
None

Бұған дейін 269 адамның қазасы туралы хабарлаған едік. Топан судың кесірінен Ченнаи қаласындағы емханада науқастардың өмірін қамтамасыз ету аппараттары істен шықты. Салдарынан жансақтау бөлімінде жатқан 18 адам тілге келмей, көз жұмды. Аймақта құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған 20-дан астам бригада мен 9 тікұшақ қатысуда.

Айта кеткен жөн, табиғи апатқа Тамилнад штатында толастамай жауған нөсер себеп болған. Ал синоптиктер жауынның 2-3 күнсіз беті қайта қоймайды деп топшылап отыр, деп жазады 24.kz. Фото:vseneprostotak.ru

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/95236-any-

Соңғы жаңалықтар
Референдум