02:14, 21 Тамыз 2016 | GMT +5
Үндістанда су тасқынынан 15 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның орталық және солтүстік бөлігін су басып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша тасқыннан 15 адам ажал құшты. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.

Марқұмдардың арасында бір отбасының алты бірдей мүшесі бар. Олар опырылып құлаған үйдің астында қалған. Бұл қайғылы оқиға Мадхья-Прадеш штатында болды. Тағы 6 тұрғын Мирзапур қаласында көлікпен келе жатып, су толы арыққа түсіп көз жұмған.
Бұдан басқа 3 адам жарақат алды. Толассыз жауған жаңбыр 20-дан астам үйді опырған. Билік халықтан баспаналарын тастап, қауіпсіз жаққа көшу қажеттігін есертті. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.