Үндістандағы дауылдан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістандағы циклоннан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үндістандағы дауылдан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - СІМ

«Қазір дауыл Үндістан жағалауынан ығысты. Соңғы деректер бойынша зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматы жоқ. Жойқын апаттан 15 адам зардап шеккен. Біздің елдің азаматтары Үндістандағы елшілікке жүгінбеген» - делінген ведомство мәліметінде.

Еске салсақ, Үндістанның жағалаудағы елді мекендерінен «Фани» циклоны төнуіне байланысты жүздеген мың адам эвакуацияланған болатын. Соңғы деректер бойынша, қауіпсіз жерге көшірілгендер саны бір миллионнан асқан.