Үндістанның оңтүстігінде қонақ үй опырылып құлады

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде Секундерабад қаласында үш қабатты қонақ үй жермен-жексен болды. Оқиғаның салдарынан 10 адам қаза болды, тағы 14-і түрлі деңгейдегі жарақат алды.
None
None

Алдын-ала болжамдар бойынша, қонақ үй темір пеш құрылысы үшін ғимаратқа жеткізілген кірпіштердің ауырлығынан опырылған. Жергілікті әкімшілік жақында 53 құрылыстың тексерілгенін атап өтті, құлаған ғимарат олардың қатарына енбеген. «Бұл үй сыртынан өте жақсы көрінді», - деп түсіндірді жергілікті шенеунік Кришна Бабу.

Соңғы жаңалықтар
Референдум