Үндістанның таулы аймағында су тасқыны болып, 150-ге жуық адам көз жұмды

УТТАРАКХАНД. ҚазАқпарат – Үндістанның таулы аймағында Уттаракханд штатында қар көшкіні болып, салдарынан өзен суы тасыған. Табиғат апатынан 150-ге жуық адам көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат Аljazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Уттаракханд штатының бас хатшысы Ом Пракаш апаттан 150-ге жуық адамның көз жұмғанын алайда әлі де нақтыланбаған деректер барын айтты.

Оқиға куәгерінің айтуынша, Гималай мұзы опырылып, тас пен топырақты төменге жылжытып, өзенге құлағанын, салдарынан өзен арнасынан асып, елді мекендерді су басқан.


Соңғы жаңалықтар