Үндістан барлық смартфондарға мемлекеттік қосымша орнатуды міндеттеді
АСТАНА.KAZINFORM - Үндістан барлық жаңа смартфондарға үкіметтік киберқауіпсіздік қосымшасын алдын ала орнатуды міндеттеді, бұл өз кезегінде құпиялылыққа қатысты алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды BBC.
Үкімет бұйрығына сәйкес, смартфон өндірушілер үкіметтік қосымшаны барлық жаңа құрылғыларға орнату үшін 90 күн қажет.
Құжатта бұл талаптың азаматтарға ұялы телефонның жалған емес екенін анықтауға және телекоммуникациялық ресурстарды заңсыз пайдалану деректері туралы хабар беру үшін қажет екені айтылған құжатта.
Қосымша пайдаланушыларға құрылғылардың IMEI-ін тексеруге, жоғалған немесе ұрланған телефондар туралы хабарлауға және күдікті, алаяқтық хабарламаларды белгілеуге мүмкіндік береді.
-Үндістанда пайдаланылған мобильді құрылғылар сатылымы кең тараған. Ұрланған немесе қара тізімге енгізілген құрылғыларды қайта сату жағдайлары да жиі кездеседі, - делінген Үндістанның Телекоммуникация департаментінің мәлімдемесінде.
Жаңа ережелерге сәйкес, алдын ала орнатылған қосымшалар пайдаланушыларға «оңай көрінетін және қолжетімді» болуы керек және олардың функцияларын өшіруге немесе шектеуге болмайды.
Барлық компанияларға 120 күн ішінде сәйкестік туралы есептерді ұсыну ұсынылды.
Әлемдегі ең ірі телефон нарықтарының бірінде, 1,2 миллиардтан астам мобильді пайдаланушысы бар бұл қадам киберсарапшылардың сынына ұшырады, олар бұл азаматтардың құпиялылық құқықтарын бұзады деп есептейді.
-Қарапайым тілмен айтқанда, бұл Үндістанда сатылатын әрбір смартфонды пайдаланушылар бас тарта алмайтын, басқара алмайтын немесе жоя алмайтын міндетті үкіметтік бағдарламалық жасақтама қоймасына айналдырады, - делінген Интернет еркіндігі қоры мәлімдемесінде.
Олар қолданбаларды өшіру мүмкіндігінің жоқтығы бір қолданбаның екіншісінің деректеріне кіруіне кедергі келтіретін, қорғаныс шараларын да әлсірететінін мәлімдеді.
Осыған дейін елге заңсыз жолмен әкелінген смартфондар бұғатталатыны туралы жаздық.