Үндістан президентінің тікұшағы бетонға түсіп кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан президенті Драупади Мурму мінген тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Керала штатына қону кезінде жаңа төселген асфальтқа түсіп кеткені анықталды, деп хабарлайды The Times of India.

Оқиға президенттің штатқа төрт күндік ресми сапары кезінде болған.
Тікұшақтың алаңға қонуына дейін санаулы сағат қалғанда оған асфальт төселді.
Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін бірден тікұшақ алаңының бір бөлігі опырылып түскен.
Полиция мен өрт сөндірушілер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылдам әрекет етіп, тікұшақты қолмен итеріп шығарды.
Үндістан президенті сапарын көлікпен жалғастыруға мәжбүр болды.
Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкианның Тебризге іссапары кезінде кортеждегі үш көлік те өшіп қалып, такси шақыруға мәжбүр болғанын жазған едік.