18:11, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Үндістанда 10-нан астам адамды пойыз қағып, қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Өрт шықты деген күдікпен вагондарынан секірген жолаушыларды басқа пойыз қағып кетті, деп жазады India Today.

Махараштра штатының Джалгаон ауданындағы қайғылы оқиға 13 адамның өмірін қиды.
Pushpak Express жолаушылары күдікті өрт кезінде вагондарынан секіріп кеткен.
Куәгердің айтуынша, дүрбелеңді шай сатушы тудырған. Ол өрт шықты деп жалған мәлімдеп, апатты тоқтату тетігін басқан. Шошыған жолаушылар вагоннан секіріп кеткен.
Оқиға кезінде зардап шеккен 15 адамның 10-ы қазір емделіп жатыр, ал жеңіл жарақат алған қалғандары үйлеріне шығарылды.
Бұған дейін Үндістанда жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқаны хабарланды.