Үндістанда 40 жұмысшы құлаған туннель астында қалып қойды

Құтқарушылар Үндістанның солтүстігінде құрылыс кезінде құлаған автомобиль туннелінде үйінді астында қалған 40 жұмысшыға жете алмай жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі AP ресурсына сілтеме жасап.  

обрушение
Фото: Midjourney

Барлық құрылысшылар тірі, деп хабарлады полиция қызметкері Прашант Кумар, олар су және оттегімен қамтамасыз етілген.

Оның айтуынша, құтқарушылар кептеліп қалған жұмысшылармен байланыс орнатқан.

Оқиға жексенбі күні Уттаракханд штатында болған. Бұл штат туристер арасында өте танымал.

Соңғы жылдары Уттаракхандта ғимараттар мен жолдардың ауқымды құрылысы жүргізіліп жатыр.

Оқиға федералды үкіметтің түрлі зиярат орындарын байланыстыруға арналған флагмандық жобасы – Чардхэм тасжолында болған.

Туннель құрылысын қадағалайтын Navyug құрылыс компаниясының жоба менеджері Раджеш Павар дүйсенбі күні құрсауда қалған жұмысшылардың нақты санын растады.

Құтқару жұмыстары жексенбі күні басталды. Құтқарушылар туннельдің құлаған бөлігіне құбыр арқылы оттегі айдады.

Құтқару тобы 15 метр ілгері өтті, үйінді астында қалғандарға жету үшін әлі 35 метр бар.

Оқиға орнында түні бойы 150-ден астам құтқарушы жұмыс істеген.

Бұрғылау техникасы мен экскаваторлар да жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар