Үндістанда дәрігерлерге рецептіні түсінікті етіп жазу міндеттелді

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Пенджаб және Харьяна штаттарының соттары дәрігерлер үшін түсінікті қолжазбаның маңыздылығын атап көрсеткен қаулы шығарды, деп хабарлайды BBC

Үндістанда дәрігерлерге түсінікті рецепт жазу міндеттелді
Фото: The Morning

Шешімде «оқуға болатын медициналық рецепт — негізгі құқық» делінген, өйткені олар өмір мен өлім арасындағы шешуші рөл атқара алады. 

— Технологиялар мен компьютерлер оңай қолжетімді болған кезде мемлекеттік дәрігерлердің бірнеше фармацевттен басқа ешкім оқи алмайтын қолжазба рецепттерін жазуын жалғастыруы ұятқа қаллдырып отыр, — делінген құжатта.

Судьялар үкіметтен медициналық мектептердің оқу бағдарламаларына қолжазба сабақтарын енгізуді және цифрлық рецепттерді енгізу үшін екі жылдық мерзім белгілеуді сұрады. Осы уақытқа дейін барлық дәрігерлер рецепттерді анық әрі бас әріппен жазуға міндетті.
330 мыңнан астам дәрігерлерді біріктіретін Үндістан медициналық қауымдастығының президенті доктор Дилип Бханушалидің мәлімдеуінше, ірі елді мекендердегі дәрігерлер цифрлық рецепттерге көшкенімен, ауылдық жерлерде түсінікті рецепттер алу өте қиын болып отыр.

— Біз өз мүшелерімізге үкімет нұсқауларын орындауға және рецептерді емделушілерге де, фармацевтерге де оқуға оңай болу үшін қою қаріппен жазуға кеңес бердік. Күніне жеті науқасты қабылдайтын дәрігер мұны істей алады, бірақ күніне 70 науқасты қарасаңыз, сіз олай жасай алмайсыз, — деді ол.

Рецептегі қателер өмірге қалай қауіп төндіреді 

Сарапшылардың сендіруінше, қолжазбаға ерекше мән беру эстетикалық немесе ыңғайлы себептермен емес, екіұштылыққа немесе қате түсіндіруге жол беретін медициналық рецепт ауыр, тіпті қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. 

Медицина институтының (IoM) 1999 жылғы есебіне сәйкес, https://www.jpedhc.org/article/S0891-5245(00)70009-5/fulltext АҚШ-та медициналық қателер жыл сайын алдын алуға болатын кемінде 44 мың өлімге әкеліп отыр, оның 7 мыңы оқылмайтын қолжазбаға байланысты болған. 
Шотландияда әйелге көздің құрғауына арналған дәрі-дәрмектің орнына қателесіп эректильді дисфункцияға қарсы жақпамай бергеннен кейін химиялық жарақат алды. 

Ұлыбританияның денсаулық сақтау органдары «рецептегі қателер денсаулыққа қорқынышты зиян мен өлімге әкеліп соқтыратынын» мойындады және «көптеген ауруханаларға электронды рецепттер жүйесін енгізу қателерді 50% төмендетуі мүмкін» деп қосты.

2016 жылы Үндістанның Медициналық кеңесі «әрбір дәрігер жалпы дәрі-дәрмектерді түсінікті түрде және бас әріптермен жазуы керек» деген шешім шығарды.

Қазақстанда дәрігердің қателігінен науқас жапа шексе, қанша өтемақы алатынын мына материалдан оқи аласыз. 

Соңғы жаңалықтар