Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті — Армия орталық спорт клубының командасы Үндістанда өткен халықаралық әскери-спорттық ойындарда (International Military Adventure Challenge Cup) сәтті өнер көрсетті. 

Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл сайысқа Үндістан, Қазақстан, Шри-Ланка, Бразилия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Бутан және Непал елдерінен келген 12 команда құрамында 150-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс ережесіне сай D (дуатлон) бағдарламасына қатысушылар бір күн ішінде 9 сағаттық белгіленген уақыт шегінде 80 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс болды.

Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық спортшылар таулы жердегі 21 шақырымдық жүгіру мен таулы трассадағы 59,5 шақырымдық веложарыстан тұратын сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. 

Олар барлық кедергілерді сәтті еңсеріп, 6 сағат 46 минут 25 секунд көрсеткішімен D (дуатлон) бағдарламасында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Команда жетекшісі полковник Еркебұлан Түсіпханов еліміздің мұндай форматтағы жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын атап өтті.

— Команда бар күш-қуатын сарқа жұмсады. Таулы трасса айтарлықтай қиындық туғызды. Спортшылардың арасында жеңіл жарақат алғандар да болды. Соған қарамастан, біздің жігіттер бар күш-жігерін жинап, жауынгерлік мінез танытып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді, — деді ол.

Үндістанда дуатлоннан өткен халықаралық жарыста әскер спортшылары қола жүлдеге ие болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жарыс қорытындысы бойынша D (дуатлон) санатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Үндістан Әскери-әуе күштерінің командасы, екінші орынды Бутан құрамасы, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді. 

Айта кетелік құрлық әскерінде сержанттардың жауынгерлік және басқару даярлығы күшейтілгені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум