Үндістандағы фабрикада жарылыс болып, алты адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 6 адам мерт болды, ішінде екі әйел бар, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Үндістанның Тамилнад штатындағы жарылыс
Фото: eadaily.com

Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған. Жарылыс салдарынан Вирудунагар округінде фабрика маңындағы ауылда ірі өрт болған. Мерт болған 6 адамның денесі табылып, қалған жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Құтқару операциясы жүріп жатыр, жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.

Осыған дейін Үндістанда көпір опырылып, туристер қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар