Үндістанда құлаған туннель: 41 адамды құтқару жолының жартысы қазылды

Үндістанда опырылып түскен туннельдің ішіндегі 41 жұмысшыға жету үшін құтқарушылар үйіндінің жартысына жуығын бұрғылады. Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

туннель
Фото: reuters.com

Құтқарушылар 32 метрді тазалады, бірақ оларды құтқару үшін 60 метр бұрғылануы керек, деп хабарлады құтқару операциясын басқаратын Дипак Патил.

Сонымен қатар, сейсенбі күні туннелдің ішінде түсірілген сурет пайда болды. Суретте ақ және сары каска киген, тар жерде тұрған және медициналық эндоскопиялық камера көмегімен құтқарушылармен бірлесіп әрекет етіп жатқан жұмысшылар бейнеленген.

Гималай аумағын бұрғылау қиын болғандықтан адамдарды құтқару да кешеуілдеп жатыр.

12 қарашада Уттуракхандада құрылыс кезінде опырылып түскен туннельде 41 жұмысшы қалып қойғанын еске сала кетейік. Көп ұзамай адамдармен байланыс орнатылып, содан бері оларға оттегі, тамақ пен су жеткізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар