Үндістанда күн 50 градусқа дейін ысыды  

Аптап ыстық
Фото: Delhi Summer (Photo: Bloomberg)

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан астанасы Делиде жаңа рекордтық ауа температурасы тіркеліп, термометр бағанасы +49,9°C-қа жетті, деп хабарлайды Business Standard. 

Үндістан Метеорологиялық департаментінің (IMD) мәліметінше, Мунгешпур мен Нарела сияқты кейбір аудандарда температура 49,9°C-қа жетті, бұл қалыпты деңгейден 9 градусқа жоғары.

Наджафгардта ауаның температурасы 49,8°C болды.

Делидің Сафдарджунгтағы негізгі обсерваториясы орташа температураны 48,5°C деп тіркеді, бұл қалыпты нормадан 5 градус жоғары. 

Делиде соңғы 100 жылда тіркелген ең жоғары температура 2022 жылдың 15-16 мамырында тіркелген – 49,2°C. 

Үндістанның кейбір штаттарында қызыл дабыл деңгейінде рекордтық температура байқалып отыр.  

Бұл ескерту барлық жас топтары үшін күн өту және ыстыққа байланысты аурудың ықтималдығы өте жоғары екенін көрсетеді.

Бұған дейін Үндістан астанасында қатты аптап ыстық болып, ауа температурасы +47,8 градусқа жеткені хабарланған болатын. Сондай-ақ елдің Харьяна, Датия, Уттар-Прадеш және Джанси штаттарында +47 градус және одан жоғары температура тіркелді.

Соңғы жаңалықтар