11:44, 24 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Үндістанда су спорты түрлерінен Азия біріншілігі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — 28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыс аясында төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.
Жүзу сайыстары 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде суға секіруден командалар да өнер көрсетеді.
Су добынан матчтар 4-11 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал, әртістік жүзуден жарыстар 4-7 қазан аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда заманауи су спортының базасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгенін жазған едік.