19:12, 05 Қаңтар 2025 | GMT +5
Үндістанда жағалау күзетінің тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM - ANI агенттігінің хабарлауынша, оқиға оқу-жаттығу ұшуы кезіндегі техникалық ақауларға байланысты болған.

Үндістанның жағалау күзеті қызметінің тікұшағы оқу-жаттығу миссиясы кезінде батыстағы Гуджарат штатында апатқа ұшырады. Бұл орын Порбандардағы Жағалау күзетінің жауапкершілік аймағына жатады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақаулар себеп болған.
ANI агенттігінің хабарлауынша, бортта үш адам, оның ішінде екі ұшқыш болған. Барлығы қайтыс болды.
Үндістанның жағалау күзеті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Оңтүстік Калифорнияда шағын ұшақтың құлауы салдарынан екі адам қаза тауып, 19 адам жараланғаны хабарланған болатын.