Үндістанда жалған елшілік ашқан адам қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан полициясы жалған елшілік ашуда айыпталған ер адамды ұстады, деп хабарлайды The Guardian. 

Үндістанда жалған елшілік ашқан адам қамауға алынды
Фото: South China Morning

Айыпталушы Дели маңындағы жалға алынған тұрғын үйді елшілік ретінде пайдаланған деген болжам бар. Күдікті өзін елшімін деп таныстырған және адамдарға шетелде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша алған. Полицияның мәліметінше, айыпталушы - 47 жастағы Харшвардхан Джейн(Harshvardhan Jain) - Seborga ва Westarctica-да(батыс Арктикакадағы виртулды мемлекеттер) кеңесші немесе елші болып жұмыс істейтінін айтқан.

Полиция жалған елшілік ғимаратының ішінен Джейннің әлем көшбасшыларымен түскен көптеген фотосуреттерін, сондай-ақ Үндістан сыртқы істер министрлігі мен 30-ға жуық басқа елдердің жалған мөрлерін тапты. Айыпталушыға тиесілі жалған дипломатиялық нөмірлі көліктер мен басқа да заттар тәркіленді. Олардың ішінде 4,5 миллион рупий(51,5 АҚШ доллары) қолма-қол ақша, 4 автокөлік және басқа елдердің валюталары бар.

Джейн сонымен қатар шетелде жалған компанияларды басқарды деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, ол жалған құжат жасау, өзін басқа адам ретінде көрсету және жалған құжат сақтау үшін кінәлі деп танылды.

Еске сала кетейік, Үндістандық әйел мүгедек күйеуін арқалап, жаяу 150 шақырым жолды еңсерді. 

Соңғы жаңалықтар