Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды The Times of India.

Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған скрин

Ауыл орналасқан Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья төтенше су тасқыны салдарынан төрт адамның мерт болғанын растады.

— Ауданға сел түріндегі қуатты су тасқыны тиді. Қазір біз адам өмірі мен мүлікке келген залалдың ауқымын бағалап жатырмыз, — деді Арья.

Оның айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді.

Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, қатты жауын-шашын жалғасатынын ескертті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда 14 адам мінген көлік каналға құлап кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар