Үндістандағы нөсер жауын салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Химачал-Прадеш штатында толассыз нөсер жауын, су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, тағы 22 адам хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апаттар қазіргі муссон маусымында бүкіл штатқа айтарлықтай зиян келтіріп отыр, деп хабарлайды NDTV.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік орталық 20 маусым мен 1 шілде аралығындағы залал туралы есеп жариялады.
— Қазіргі уақытта әртүрлі себептерге су тасқыны болып, көшкін жүріп, найзағай түсіп, жол-көлік оқиғаларына байланысты 51 адамның қаза тапқаны белгілі болды, — делінген есепте.
Сонымен қатар, муссон маусымына байланысты түрлі оқиға салдарынан 103 адамның жараланғаны хабарланды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 204 үй зақымданған, олардың 22-сі толығымен қираған. Сондай-ақ 84 нысан — дүкендер, қора-жайлар мен жұмысшылардың баспаналарына зиян келген.
— Бұл деректер жергілікті жерлерден жаңа мәліметтер түскен сайын нақтыланады, — деді орталық өкілі.
Бұған дейін, Пәкістанда да нөсер жауын салдарынан екі күн ішінде тағы жеті адам көз жұмып, 26 маусымнан бері муссон маусымында қаза тапқандардың жалпы саны 45 адамға жеткені хабарланған еді.
Айта кетелік Үндістанда көпір опырылып, туристер қаза тапқан еді.