Үндістандағы ұшақ апаты: құтқарушылар 60 адамның денесін тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM — Үндістанның батысында болған жолаушылар ұшағы апатының орнынан 60 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы The New Indian Express басылымы хабарлады, деп жазды ТАСС.

Үндістандағы ұшақ апаты: құтқарушылар 60 адамның денесін тапты
Фото: Reuters

Бар мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың жалпы саны 150 адамға жетуі мүмкін. Құтқарушылар қирандылар арасынан табылған 60 мәйіттің онын медициналық колледждің жатақхана аумағынан шығарған.

Аталған жатақхана – Air India ұшағы құлаған жер.

Бұған дейін Үндістан полициясы Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлағанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Air India әуекомпаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Ахмедабад қаласындағы Сардар Валлабхбхая Патела халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Ахмадабадтан 13:38–де көтерілген Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олардың 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания азаматы, біреуі Канада азаматы және жетеуі Португалия азаматы болғаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Артынша Үндістандағы ұшақ апаты болған жерде 20 медицина студенті жарақат алғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар