Үндістандық фермерлер өнім бағасын көтеруді талап етіп шеруге шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Үндістан полициясы 2021 жылы уәде етілген өнім бағасын көтеруді талап етіп, Нью-Делиге жетуді жоспарлаған фермерлердің қозғалысын тоқтату үшін жолдарды жауып тастады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Ферма, сельское хозяйство
Фото: freepik.com

Үкімет мүшелері ауыл шаруашылығы нарығын қайта реттеп, бір жылға созылған наразылықтардың қайталануын болдырмау үшін дүйсенбіде ферма кәсіподақтарының жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде.

Шеру Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди үшінші мерзімге жеңіске жетеді деп күтілетін ұлттық сайлауға бірнеше ай қалғанда өтті. 

Миллиондаған үнді фермерлері қуатты дауыс беру блогын құрап отыр, ал билеуші партиялар, өз кезегінде, оларды өз жағында ұстауға тырысады. 

Телевизиялық кадрларда Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб және Харьяна штаттарынан тракторларды Делиге қарай айдап бара жатқан фермерлерді көруге болады, олардың қозғалысына тосқауыл қою үшін қала шетіне тікенек сымдар мен цемент блокты қоршаулар орнатылды. Полиция сонымен қатар Делиде қоғамдық жиындарға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. 

Фермерлер кәсіподақ басшыларының үндеуімен көшелерге шығып, өнімдерінің бағасын көтеруді, үкіметтің кірістерін еселейміз деген уәдесін орындауын талап етуде.

Соңғы жаңалықтар