Үндістандық лоукостер Делиден Алматыға әуе рейсін ашты

Үндістанның IndiGo лоукостері Делиден Алматыға әуе рейстерін ашты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

әуе рейсі
Фото: ААК

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын тұрақты негізде кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Үндістанның "IndiGo" лоукостер әуе компаниясы А–320 және А-321 типті әуе кемелерімен аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) Дели-Алматы бағыты бойынша Қазақстанға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосты.
Дели мен Алматы қалалары арасындағы бірінші рейсте орташа коммерциялық жүктеме 69% құрады.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда - экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Айта кетейік, "IndiGo" - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік әуе тасымалдаушысы. 2006 жылдың тамызында құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық және болатын 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық бағыттар (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Соңғы жаңалықтар