Үндістандық миллиардер АҚШ-та алаяқтық пен пара алды деп айыпталды

АСТАНА. KAZINFORM – Нью-Йоркте аймақ прокуроры үнділік миллиардер Гаутам Аданиге үнді шенеуніктеріне миллиондаған доллар пара беру ісі бойынша ресми айып тақты, деп хабарлайды ВВС

Гаутам Адани
Фото: indianexpress.com

Reuters агенттігінің сот құжаттарына сілтеме жасап хабарлауынша, судья Гаутам Адани мен оның жиені Сагар Аданиді тұтқындауға ордер берді, ал прокурорлар оларды АҚШ-тан тыс жерде қамауға алуға ниетті. 

Америка прокуратурасы бұл істі америкалық сот қарауы тиіс деп санайды, өйткені тергеуге сәйкес Гаутам Адани мен оның қызметкерлері үнді шенеуніктеріне «жасыл» энергетикамен айналысатын өзінің компаниясы тиімді келісімшарт жасау үшін 250 млн доллар пара берген, сондай-ақ аталған компания үш миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны  олар америкалық инвесторлардан жинаған. 

Компания 20 жыл ішінде екі миллиард долларға дейін табыс әкеліп отыруға уәде берген.  

АҚШ-тың Нью-Йорк шығыс округінің прокуроры Брион Пистің пікірінше, Адани мен оның қызметкерлері америкалық инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қатысымыз жоқ деп алдап соққан. Оларға қарсы тағылған алаяқтық айыптың мәні осында.

«Айыпталушылар Үндістан үкіметінің шенеуніктеріне пара беріп, миллиардтаған доллар құны бар келісімшартқа қол жеткізу үшін күрделі схема жасаған […] сондай-ақ америкалық және шетелдік инвесторлардан капитал жинау аталған схеманы қолдана отырып, өтірік айтты», - деді прокурор Пис айыптау қорытындысын жариялау кезінде.

62 жастағы Гаутам Аданидің дәулеті шамамен 70 млрд долларға бағаланып отыр. Адани премьер-министр Нарендра Модимен және оның үкіметімен тығыз байланыста, ал оппозиция оларды бұл байланыстың арқасында Адани компанияларының көптеген тиімді келісімшарт алғаны үшін айыптап отыр.

Adani Group концерні бұл айыптауларға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Концерннің АҚШ-тағы қиындықтары 2023 жылдың қаңтарында Hindenburg Research аналитикалық компаниясы оны бағалы қағаздарды шығару кезінде алаяқтық жасады деп айыптаған кезде басталды. 

Прокуратура концерн қызметін тексеруді 2022 жылы бастағанына сендіріп отыр. 

АҚШ-та аймақ прокурорларын президент тағайындайды, ал прокурор Брион Писті 2021 жылы президент Джо Байден тағайындады. 

Гаутам Адани әлеуметтік желіде Дональд Трампты сайлануымен құттықтап, АҚШ-қа 10 млрд доллар инвестициялауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар