06:15, 09 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Үндістанның Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 6,5% деңгейінде қалдырды

Репо мөлшерлемесі 6,5% деңгейінде бірауыздан қабылданды. Үндістанның резервтік банкі (RBI) шілде-қыркүйек аралығында өсімнің болжамнан артық болуына байланысты экономика осы жылы 7% өседі деп отыр.
«Өсім тұрақты және күшті болып қала береді, бұл барлығын таңғалдырады», - дейді Үндістан Орталық банкінің басшысы Шактиканта Дас.
Дегенмен орталық банк өкілдері инфляция болжамы белгісіз болып қала беретінін айтады.
«Қазіргі болжам азық-түлік инфляциясына байланысты тәуекелдер көлеңкесінде тұр», - деді Үндістанның орталық банкінің басшысы.
Үндістанның Орталық банкі инфляцияның өсуін тежеу мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап репо мөлшерлемесін 250 базистік тармаққа көтерді.