00:07, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Үңгірде үш күн бойы түнеген студент өлмес үшін қабырғаны жалаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Индиана штатында 19 жастағы студент Лукас Кавар үш күн бойы үңгірде түнеген. Қасындағылар оны байқамай үңгірді жауып кеткен.
Indiana Daily порталының хабарлауынша, шөл қысып әбден қаталаған жас жігіт өлмес үшін ылғал қабырғаны жалаған.
Қырсық шалғанда, ұялы телефоны жұмыс істемеген. Студенттің ата-анасы оның жоғалғандығы жөнінде хабарлағаннан кейін экскурсияны ұйымдастырушылар үңгірге қайта оралып, оны құтқарды.