Unico Play — қазақ сериалдары, бірегей контент, жасанды интеллект және әлемдік классиканың ұлттық стримингі

АСТАНА. KAZINFORM — Unico Play платформасы сериалдар мен әлемдік премьералардың қазақша аудармасын ұсынбақ.

Unico Play
Фото: Әділ Саптаев/Kazinform

Ұлттық стриминг — платформа Unico Play биыл алты түпнұсқа сериалды таныстырады, тағы 23 жоба өндіріс сатысында тұр. 

Қолданушыларға әлемдік премьералар, түрік және корей сериалдарының қазақ тіліндегі аудармасы, отандық кино классикасы, спорттық трансляциялар және мемлекеттік тілдегі ең ірі балалар контенті ұсынылады. 

— Unico Play — толыққанды өндірістік тізбек, жас сценаристердің питчингінен бастап түпнұсқа жобаларды түсіру, монетизациялау және авторлық құқықты қорғауға дейінгі процесс. Бұл қазақстандық жастар үшін «шығармашылық лифті» деуге болады, — деді Uni-Q Group-тың CEO-сы Дмитрий Гудумак.

Платформа қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі интерфейсті, 4K форматында көруді және офлайн-тамашалау мүмкіндігі бар. Бес құрылғыға дейін қосу мүмкіндігін және жасанды интеллект негізіндегі жеке ұсыныс та қаралады.

— Тек онлайн-кинотеатрды іске қосып жатқан жоқпыз. Біз үшін маңыздысы — миллиондаған көрермен өз тілінде жаңа оқиғаларды тамашалай алса, ал халықаралық аудитория біздің мәдениетпен танысса, — деп атап өтті Uni-Q Group-тың CEO-сы Анар Жүнісова.

Жазылым құны айына — 999 теңге, алғашқы ай — тегін. Сервис бүкіл әлем бойынша смартфон, Smart TV және браузерлерде бар.

— Қазақстанда жаһандық сервистерден қалыспайтын IT-платформа жасауға болатынын дәлелдедік. Платформаны әзірлеуге бір жылдан аз уақыт кетті, — деді Unico Play-дың CEO-сы Дияс Досмұханбетов.

Бастаманы «Dara» Президенттік бастамалар қоры қолдады.

Unico Play-дың тұсаукесері 12 қыркүйекте Астанада, Қазақстан киносы күні өтті. Жаңа жобаны іске қосылу аясында көрермендерге Каспий теңізін сақтау және экология мәселесіне арналған «Қара бекіре» драмасы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар