United Cup турнирі: Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионмен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM – Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінде теннистен Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды.

теннис
Фото: ҚТФ

Е тобында өткен жылғы чемпион Германия құрамасы үздік шықты.

Германиялықтар алдымен Бразилия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Дүйсенбі күні Германия құрамасы Қытайды 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

Германия сапында әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев, әйелдер арасында дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Лаура Зигемунд өнер көрсетеді. 

Қазақстан – Германия матчы 1 қаңтарға белгіленген.

Жартылай финалдық матчтар 4 қаңтар күні өтеді. Ал 5 қаңтарда жеңімпаз анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен United Cup турнирінде Александр Шевченконың әлемнің 11-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

United Cup турнирінде Елена Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шықты.

United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Грекияны миксте де жеңді.

Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінде қанша табыс тапты.

Соңғы жаңалықтар