Универсиада-2017: Денис Тен жеңіс жолындағы күресті бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денис Тен жеңіс жолындағы сайысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін «Алматы арена» спорт сарайында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан сайыстар басталды.

Спортшылар қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Сайыс әлі де жалғасуда. Дәл қазір ғана қазақстандық спортшы Денис Тен өнер көрсетіп, жоғарғы ұпайды жинады.

Денис Тен 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар