Универсиада-2017: Дмитрий Баландин «қола» иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Тайбэде өтіп жатқан Жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол финалдың 100 метр қашықтыққа брасспен жүзу кезеңінде 1 минут және 17 секунд көрсеткішпен үшінші болып келді. Бұл қашықтық бойынша бір уақытта келген беларустық Илья Шиманович және америкалық Эндрю Лоуренс Уилсон жеңіске жетті.
Жазғы Универсиада-2017.
1. Илья Шиманович (Беларусь) - 1:00.15
2. Эндрю Лоуренс Уилсон (АҚШ) - 1:00.15
3. Дмитрий Баландин (Қазақстан) - +0.02.