Универсиада-2017: Эстафетадан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медалінен айырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетадан жеңіп алған алтын медалінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осыған дейін хабарлағанымыздай,  4Х100 метрге эстафетаға жүгіруде ел намысын Римма Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова және Ольга Сафронова қорғап, Универсиада чемпионы атанған болатын . Жеңімпаздарға медальдар табысталып, шамалы уақыт өткеннен кейін қазақстандық спортшылардың жарыс барысында ереже бұзғаны анықталып, медальдарын қайтаруға тура келді. Қазақстаннан басқа Италия құрамасы да медальдарынан айырылып қалды.

Енді алтын медаль Швейцария командасына, күміс медаль Польшаға, ал қола Жапония құрамасына тиесілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 43.68 секунд нәтижемен ел қоржынына алтын медаль салды деп хабарланған болатын. Швейцария (43.81 секунд) және Польша (44.19 секунд) атлеттері екінші және үшінші орынды өзара бөліскен еді.

Соңғы жаңалықтар