Универсиада-2017: Хоккейден қола жүлде иегерлері анықталды

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан 28- қысқы Универсиада ойындарында хоккейден қола жүлде иегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Хоккей Қысқы Универсиаданың қола жүлдесін құрлықтың арғы бетінен келген канадалық спортшылар қанжығасына байлады.

Кеше жартылай финалда сүрінген Канада мен Чехия құрамалары бүгін үшінші орынға таласып, нәтижесінде канадалық хоккейшілер үздік үшінші орынды жеңіп алды. Есеп: - 4:3.

Енді санаулы минуттардан кейін, спорттың бұл түрінен Қазақстан мен Ресей арасындағы финалдық кездесу өтеді.

Матчты тікелей эфирде «Хабар» телеарнасы көрсетеді деп жоспарлануда.

Ойын Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар