Универсиада-2017 жарыстары өтетін орындардың толық тізімі

Сол арқылы жоспарыңызды құрып, алдымен қай спорт түрін қай стадионнан көретініңізді жоспарлап алған жөн.
Назарларыңызға Универсиада ойындары өтетін нысандар жайлы ақпаратты ұсынамыз:
«Халық аренасы» мұз кешені
Көрермендерге арналған орын саны: 3000
Жалпы ауданы: 11,6 га.
Құрылыстың жалпы ауданы: 20 293,5 шаршы метр, нысан көпсалалы. Мұз аренасы мен 200 орынға арналған кіші аренадан тұрады.
Ойындар кезінде бұл нысан ерлер арасындағы шайбалы хоккейден жарыстарды қабылдайды.
Орналасқан жері: Алматы қ. Медеу ауданы, Талғар даңғыл жолы мен Құлжа даңғыл жолының қиылысы.
«Алматы Арена» мұз сарайы
Көрермендерге арналған орындар: 12000
Жалпы ауданы: 10 734 га
Құрылыстың аумағы: 29 710,94 шаршы метр
Кіші арена 475 орындық
Ойындар кезінде кешенде өтетін шаралар: Ашылу және жабылу салтанаттары, спорттық дисциплиналар - мәнерлеп сырғанау (бас арена), керлинг (кіші арена).
Орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, Рыскұлов даңғылының солтүстігіне қарай.
Атлетикалық қалашық
Жатар орын: 5000
Жалпы аумағы: 24,41 га
Құрылыс аумағы: 23 977,66 шаршы метр
Атлетикалық қалашық 8-9 қабатты 8 тұрғын үйден, 14 қабатты 4 ғимараттан тұрады. Сондай-ақ онда 800 орынға арналған асхана, бассейн, медициналық орталық, кинотеатр орналасқан. Универсиада аяқталғаннан кейін Атлетикалық қалашық студенттердің жатақанасы мен ұстаздарға тұрғын үй ретінде кепілдікке берілмек.
Орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, Рысқұлов даңғылының солтүстігіне қарай.
«Медеу» мұз айдыны
Универсиада кезінде өтетін спорт жарыстары:
Конькимен жүгіру - 2017 жылғы 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығы
Бенди - допты хоккей - 2017 жылғы 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығы
Нысанның инфрақұрылымы: 8 300 орындық; 4 киім ауыстыру бөлмесі; төрешілер бригадасына арналған 4 бөлме; 200 ш.м жаттығу залы; Баспасөз орталығы/медиа орталық; VIP аймағы; Спортшылар мен көрермендерге арналған тамақтану аймағы; комментаторлық орындар.
Салынған уақыты: 1972 жыл
Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары: 2011 жыл
Жалпы аумағы: 12 031 ш.м
Сыйымдылығы: 8 300 орын
Атлетикалық қалашық пен ара қашықтығы: 30,6 км
Орналасқан жері: Алматы қ, Горная көшесі, 465
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
Универсиада кезіндегі спорт түрі:
Басты арена: әйелдер арасында шайбалы хоккей -- 2017 жылғы 28 қаңтар мен 7 ақпан
Сырғанау аренасы: Шорт-трек - 2017 жылғы 3-7 ақпан аралығы
Басты арена. Нысанның қуаттылығы - 2037 кВт
Жалпы аумағы - 10 695 ш.м.
Көрерменге арналған орындар - 3 725
Аумағы - 61,1 мен 68 ш.м 5 киім ауыстыратын бөлме; төрешілер бригадасына арналған 1 бөлме; аумағы 17,5 мен 41,7 ш.м. бапкерлерге арналған 2 бөлме; қатысушыларды аккредитациялайтын 1 бөлме; 2 жаттығу залы - аумағы 40 ш.м и 150 ш.м құрайды; хореография залы - аумағы 110 ш.м.
Кіші арена. Жалпы аумағы - 8 801 ш.м.
Көрерменге арналған орындар - 1100, 4 киім ауыстыратын бөлме; 4 бапкерлер бөлмесі; 650 орынға арналған 8 қабатты паркинг.
Салынған уақыты: 1967 жыл
Соңғы жөндеу жұмыстары: 2010 жыл
Жалпы аумағы: 24 426 ш.м.
Сыйымдылығы: 4 825 орын
Атлетикалық қалашық пен ара қашықтығы: 12, 7 км.
Орналасқан жері: Алматы қ, Абай даңғылы 44
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Орналасқан жері: Алматы қ. Медеу ауданы, Горная көшесі 640 (теңіз деңгейінен 2260 метр, Іле Алатауының баурайларында).
Салынған жылы: 1954 ж.
Жаз айларында орташа ауа температурасы +20 С, қыста -7 С құрайды.
Күрделі жөндеуден кейін Шымбұлақтағы трасса 6 км болып екі есеге ұзарды.
Жолдар халықаралық таушаңғы спорты федерациясының (FIS) аттестациясынан өткен.
2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарына арналып, «Шымбұлаққа» дейін, «Медеу» мұз айдынынан басталатын заманауи аспалы жол салынған. Барлығы 114 жайлы кабиналар бір сағатта 2500-3000 адамды тасымалдай алады.
Ойындар кезінде кешен, таушаңғы, сноуборд, фристайлдан жарыстарды қабылдайды.
«Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені
Бірегей нысан 2010 жылы салынған. Бұл кешеннің көлемі 28163 шаршы метр, мінбеде 5200 орындық бар.
Екі аймақтан тұрады - біріншісі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін, екіншісі оқу-жаттығулар ұйымдастырылатын аймақтар. Бұдан бөлек, мұнда бес трамплин бар: халықаралық деңгейдегі К-125 тұғыры (әлем бойынша көп кездесе бермейтін ең үлкен трамплиндердің бірі), К-95 (әлем бойынша 300 ғана) және балаларға арналған - К-60, К-40, К-20 тұғырлары.
Әмбебап тұғырларда қарда ғана емес жасанды төсенішпен сырғанап, секіруге де болады. Төрешілер блогы, аспалы жол, паркинг, медиа орталық бар.
Ойындар кезінде трамплин, тұғырдан секіру мен шаңғы қоссайысынан жарыстар қабылдайды.
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылымен оңтүстікке қарай.
«Алатау» шаңғы және биатлон кешені
Орналасқан жері: 1470-тен, 1540 метрге дейінгі биіктікте Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты "Бесағаш" аңғарында орналасқан.
«Алатау» 2010 жылы 7-ші Қысқы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін салынған болатын.
Кешеннің жалпы көлемі: 47 гектар
Кешеннің аумағында бірнеше көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, старт-финиш пен ату аймағы бар.
Стадиондардың жоспары FIS, IBU-дың талабына сай, халықаралық стандарттармен жасалған.
Әр стадионның мінбері 3000 көрерменге арналған (1300 түрегеліп тұратын және 1800 отыратын орын).
Шаңғы трассасының максималды ұзақтығы - 10 км, 5 км көк + 5 км қызыл екі айналымнан тұрады.
Биатлон трассасының максималды ұзақтығы - 4 км.
Трассалардың жалпы ұзақтығы -14 км.
Ойындар кезінде бұл жерде биатлон мен шаңғы сайысынан жарыстар өтеді.
«Астана» алаңындағы уақытша спорт ғимараты
Бұл нысан жарыс қарсаңында, яғни жарыс басталар алдында Алматы қаласындағы ескі алаңда уақытша бой көтеретін болады. Онда фристайлдың акробатикасы мен бигэйр жарыстары өтеді деп жоспарланған.
Астана алаңында орнатылады.