Универсиада-2023: Қазақстан студенттер құрамасына бас бапкер тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының бас бапкері тағайындалды. Бұл қызметке белгілі маман Ғалым Мәмбетәлиев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалым Мәмбетәлиев 1965 жылы дүниеге келген. 1980-2002 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей командаларында ойнады.

2002 жылдан бері елімізде бапкерлік қызметпен айналысады.

Еліміздің студенттер құрамасы 12 және 22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтетін Қысқы Универсиадаға қатысады.

Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Өзге топта Жапония, Украина, Швеция, Латвия, Чехия құрамалары бар.

Әрбір топтан үздік шыққан екі құрама плей-офф сатысына жолдама алады.

Қазақстан студенттер құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі:

13 қаңтар, 00:00. Оңтүстік Корея - Қазақстан

13 қаңтар, 20:30. Қазақстан - Венгрия

16 қаңтар, 07:00. Қазақстан - Ұлыбритания

17 қаңтар, 03:30. Қазақстан - Словакия

18 қаңтар, 20:30. АҚШ - Қазақстан.

Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 келінен 1400-ден астам спортшы келеді деп күтілуде. Онда 12 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.


Фото: Барыс ХК баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар