Универсиада дирекциясы Атлетикалық ауылдың дайындығын тексерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Универсиада дирекциясы Атлетикалық ауылдың дайындығын тексерді. Мамандардың бағалауынша, нысан халқаралық шараға 90 пайыз дайын.
None
None

«Нысан толық дайын деуге болады. Төсектер мен жиһаз толтырылып жатыр. Соңғы ұсақ-түйек бұйымдарды орнатып жатырмыз. Жуыну бөлмелерінде қажетті заттар қойылып жатыр», - деді Атлетикалық ауыл басқарма департаментінің басшысы Сәнім Шәріпова.

 

Оның айтуынша, пирамида ғимаратында келетін атлеттерді күтіп алып, тіркеу орталығы жасалады. Сондай-ақ, қаржы департаменті, көші-қон қызметі спорт-ақпарат орталығы орналасады. Мұнда спортшылар өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.

 

Сонымен қатар, ұлттық музыка тыңдауға мүмкіндік беретін мультимедиалық орталық ашылады.

«Бүгінде біз 59 елден 3 мыңға жуық спортшы келеді деп отырмыз. Тағы 2 ел ақпаратты растаған жоқ. Алғашқы қонақтар 24 қаңтарда келе бастайды», - деді директор.

 

Маманның айтуынша, спорттық нысанға 5 мың адам сыяды.
Универсиада біткен соң нысан көппәтерлі тұрғын үйге айналады. Мұндағы нөмірлер әкімдік арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында таратылады.

Атлетикалық ауылда 500 бейнекамера орнатылады. Бұл тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін жасалып отыр.

 

Сондай-ақ, мұнда спорттық шара біткен соң Алатау ауданының ХҚКО орналасады.

Оған дейін банк, 100 адамға арналған емхана, фитнесс орталық, SPA салоны, супермаркет, почта, дүкен жұмыс істеп тұрады.

 

Соңғы жаңалықтар