Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға сырғыды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы Қысқы Универсиадада төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.

15 қаңтарда қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алған жоқ.

Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр.

Әзірге жүлдеге іліккен 15 құрама бар.

Көш басында Жапония 7 (4-2-1) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 7 (2-1-4), Чехия мен Финляндияның 3 (1-1-1) медалі бар.

2023 жылғы қысқы универсиаданың төртінші ойын күнінен кейінгі медальдар кестесі:

1. Жапония 4-2-1

2. Франция 2-1-4

3. Чехия 1-1-1

3. Финляндия 1-1-1

5. Германия 1-0-2

6. Канада 1-0-1

6. Оңтүстік Корея 1-0-1

6. Швейцария 1-0-1

9. Қазақстан 1-0-0

9. Эстония 1-0-0

11. АҚШ 0-3-0

12. Норвегия 0-2-1

13. Польша 0-2-0

14. Испания 0-1-2

15. Италия 0-1-0

Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды.

Қысқы Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар
telegram