Универсиада нысандарында 12 мың шаршы метр жер шағын және орта бизнеске беріледі - С. Апенко (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2017 жылы болатын қысқы Универсиадаға салынып жатқан спорт нысандарында 12 мың шаршы метр жер жеке бизнес субъектілеріне беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда салынып жатқан 12 мың орындық Мұз сарайы, 5 мың орындық Атлетикалық ауыл және 3 мың орындық Мұз аренасының бизнес-мүмкіндігін таныстыру шарасы барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне «Алматы қ. спорт құрылымдары дирекциясының» дирекотры Сергей Апенко мәлім етті.
None
None

«Біз бүгін әлеуетті деген бизнес серіктестерді шақырып, оларға мына спорт нысандарының әлеуеті, осында өтетін шаралар және сол шараларға келетін тұрғындар жайында әңгімеледік. Әрине, біз барлық ұсыныстарға ашықпыз. Бірақ, дегенмен де, бізге нарықта өз ұстанымы бар, тәжірибелі кәсіпкерлер керек. Өйткені, бұл халықаралық деңгейдегі нысандар. Бұл жерде мейрамхана, кафе, азық-түлік, спорт киімдері және кәдесыйлар дүкенін, сондай-ақ спа-салондар, косметология, спорт киімдерін прокатқа беру, аяқ-киім жөндеу және басқа да көптеген инфрақұрылымдарды ашуға болады. Жалпы, 12 мың орындық Мұз айдыны мен 3 мың орындық Мұз аренасында 12 мың шаршы метр жер таза өңделген күйінде төмендетілген бағамен шағын және орта бизнес субъектілеріне жалға беріледі», - деді С. Апенко.

Соңғы жаңалықтар