Универсиада ойындары: 30 қаңтар күнгі жарыс кестесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қаңтар күні Алматыдағы Универсиада ойындары барысында медальдардың алғашқы сегіз жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ертең тау-шаңғысы спортында (әйелдер мен ерлер арасындағы супергигант), шаңғы жарыстарында (ерлер мен әйелдердің сәйкесінше 5 және 10 шақырымға жеке жарыстары), фристайлдан (ерлер мен әйелдер арасындағы акробатика) және сноубордтан (ерлер мен әйелдер арасындағы параллельді слалом-гигант) бірінші жеңімпаздар анықталатын болады.


Жарыс күнінің кестесі:


Спорт түрі: Керлинг (ерлер, әйелдер - құрамалар). Топтық кезең

Басталуы - 09.00.

Билет құны - 500 теңге.

Өтетін орны - "Алматы Арена".  


Спорт түрі: Сноуборд. Параллельді слалом-гигант (ерлер, әйелдер). Іріктеу кезең және финал  


Басталуы - 09.00; Ақтық кезең - 14.00.

Билет құны - 1500 теңге.

Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.    


Спорт түрі: Тау-шаңғысы спорты. Супергигант (ерлер, әйелдер). Іріктеу кезең және финал

Басталуы - 10.30.

Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.    

Билет құны - 1500 теңге.


Спорт түрі: Шаңғы спорты. Дара жарыс (әйелдер - 5, ерлер 10 шақырым)

Басталуы - 11.00

Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені.

Билет құны - 500-700 теңге.
 

Спорт түрі: Фристайл. Шаңғы акробатикасы (ерлер, әйелдер)

Басталуы - 11.30; Ақтық кезең 14.00.

Өтетін орны - «Табаған» спорттық-ойын,сауық кешені.

Билет құны - 700 теңге.


С
порт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтық кезең (Корея-Ресей)

Басталуы - 12.30

Өтетін орны - «Халық арена» стадионы

Билет құны -500-700 теңге.


С
порт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтық кезең (Швеция-Чехия).

Басталуы - 16.00.

Өтетін орны - «Халық арена» стадионы

Билет құны - 500-700 теңге.


Спорт түрі: Шайбалы хоккей (ерлер). Топтық кезең (АҚШ-Канада)

Басталуы - 19.30

Өтетін орны - «Халық арена» стадионы

Билет құны - 500-700 теңге.

 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей (әйелдер). Топтық кезең (Канада-Ұлыбритания).

Басталуы - 16.30

Өтетін орны - Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы.

Билет құны - 300-500 теңге.


С
порт түрі: Шайбалы хоккей (әйелдер). Топтық кезең (Қазақстан-Қытай)

Басталуы - 20.00

Өтетін орны - Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы.

Билет құны - 300-500 теңге.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар