Универсиада және ӘЧ жүлдегерлеріне ақшалай сыйақылар табысталды - Ақмола облысы

Аймақ басшысы барлық ақмолалықтардың атынан спортшыларға сәттілік тіледі. Ол төрт жылда бір болатын ең негізгі спорт жарыстарының бірі - Қысқы Олимпиадада қазақстандық атлеттер елдің үкілі үмітін ақтайтынына үлкен сеніммен қарайтынын атап өтті.
Ақмола облысының тумасы Николай Чеботько әлем чемпионатында үшінші орын алуы - алдағы уақытта Олимпиада жүлдесінен үміт күтуге болатынын көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық спортшылар Ресей, Норвегия, Швеция сынды елдердің өкілдерімен бірге тең дәрежеде өнер көрсете алатындықтарын дәлелдеп отыр.
Николай Чеботьконың жеңісті жолын Татьяна Осипова жалғастарды. Ол Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадада алтын медальға қол жеткізсе, эстафетада Ольга Мандиркамен бірге қола жүлдені қанжығаға салды.
Бұдан бөлек Қазақстанның биатлон құрамасының жартысы осы Ақмола өңірінен.
Жиын соңында әкім үлкен еңбек пен жұмыс үшін спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақылар табыстады. Өз кезегінде спортшылар әкімге естелік сыйлықтар - Сочи ойындарының символын тарту етті.