Универсиаданың жабылу салтанатында Алматының бірқатар көшелері жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Универсиада-2017 жабылу салтанатында жол қозғалысы шектелетін бағыттар туралы хабардар етеді.

Универсиаданың жабылу салтанатында Алматының бірқатар көшелері жабылады

«2017 жылы 8 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап, салтанатты рәсімнің аяқталатын уақытына дейін Момышұлы көшесінің Рысқұлов даңғылы мен Ақын Сара көшелерінің арасындағы бөлігі екі бағытта да жабық болады», - делінген Алматы ІІД-нің таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға жол маршруттарын алдын ала жоспарлауға және жол ережелерін қатаң ұстауға шақырады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 8 ақпан күні өтетін Универсиаданың жабылу салтанатында «Алматы Аренаға» жанкүйерлер мен меймандарды жеткізу кезінде қосымша маршруттар жасақталады.

Арнайы көліктер қаланың екі жерінде қызмет көрсетпек, автобустар 15.00-17-30 сағатта қатынай бастайды.

1. Орталық Стадион - «Алматы Арена» мұз кешені;

2. Астана Алаңы (ҚБТУ) - «Алматы Арена» мұз кешені.

Жүру ақысы - 100 теңге.