Университетке өрт қойған студенттер оқудан шеттетілді

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мысырдағы «Әл-Азхар» университетіне өрт қойған студенттер 2 жылға оқудан босатылды, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Оқу орнының басшылығы осындай шешім қабылдаған. Естеріңізге сала кетейік, үкіметпен лаңкестік ұйым деп жарияланған «Мұсылман бауырлар» ұйымының жақтастары мен полиция арасындағы текетірестер жұма күні басталған. Ал күні бұрын биліктің мұндай шешіміне наразы жүздеген студент емтихандарды болдырмай, университет ғимаратына өрт қойды. Тәртіпсіздік кезінде 19 жастағы студент көз жұмып, тағы 4 адам түрлі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар