Университетте келесі оқу жылы Ә.Кекілбаевқа арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциямен ашылмақ

АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ -Танымал халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті келесі оқу жылының шымылдығын «Ә.Кекілбаев шығармашылығы–әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен ашқалы отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының басшылығына сілтеме жасап. Кекілбаевқа арналған ғылыми-әдістемелік, тәрбиелік шаралар мерейтой аясында ғана емес, жалпы кафедраның қалыпты білім беру үрдісінде де жалғасын таба береді. Бұған дейін кафедраның ұйымдастыруымен Ә.Кекілбаевпен бірнеше рет кездесу кештері өткізілді, жазушының шығармашылығынан магистрлік диссертация, дипломдық жұмыстар қорғалды. Арнайы семинарлар, ашық тәрбие сабақтары өткізілуде.«Мақсатымыз - белгілі қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының шығармашылығын зерделеп, оның танымдық-тәрбиелік әлеуетін қазіргі ғылыми тұрғыдан тану және таныту болып отыр. Жазушының әдеби-тілдік мұралары қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар контексінде басты ұстаным болып отырған антропоцентристік парадигма аясында зерттелуі тиіс. Кекілбаев танымының когнитивтік құрылымы адам ? тіл ? таным сабақтастығында, ұлттық мәдениет пен жалпы адамзаттық өркениет шектестігінде қаралуы қажет»,-дейді шараларды ұйымдастырушылардың бірі, университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Бибайша Нұрдаулетова.«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы университет бойынша ғылыми әлеуеті ең жоғары кафедра болып саналады. Кафедрада 15 оқытушы жұмыс жасайды. Оның қатарында бір ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты бар. Үш ізденуші осы оқу жылында кандидаттық диссертация қорғағалы отыр.
Соңғы жаңалықтар