13:07, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Университетте «Жас дарын» байқауы өткізілді
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 10-11 сынып оқушылары мен арнаулы орта оқу орындары шәкірттері арасында «Жас дарын» байқауы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үздік шығармашылығымен, шебер орындаушылығымен көзге түскен жастарды білім ордасына тарту мақсатында ұйымдастырылған шараға Ақтөбе, Атырау және Оралдан 212 үміткер қатысып, бақ сынады. Бейнелеу, сән, халық аспаптары, вокал, театр өнері және өзге аталымдар бойынша үздіктер анықталды. Бас жүлдеге Орал қаласындағы №45 орта мектептен Валерия Головкина лайық деп танылса, №19 орта мектеп шәкірті Ақманар Шайдуллина университет ректоры Т.Рысбековтің арнайы сыйлығын иеленді.