19:04, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Университеттердің еуразиялық қауымдастығы ? Нұрсұлтан Назарбаев бастаған еуразияшылдық идеясының заңды жалғасы - В.Садовничий
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Университеттердің еуразиялық қауымдастығы – Нұрсұлтан Назарбаев бастаған еуразияшылдық идеясының заңды жалғасы.
Бүгін елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі аясындағы баспасөз мәслихатында аталған ұйымның президенті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еуразия ұлттық университетінде өткен Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезіне жоғары баға берген В.Садовничий атап көрсеткендей, осы жолғы Съезд отырысында бүгінгі әлемдік дағдарыстың ТМД елдерінің жоғары білім беру саласына тигізген әсері мен оған қарсы бірлесіп жұмыс атқарудың жолдары талқыға салынды. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында бүгінгі еуразиялық кеңістіктегі білім мен ғылымның хал-ахуалын нақты суреттеп, бүгінгі проблемалы жағдайлардан шығудың жолдарын айқындап берді. Бүгінде бізге, шынымен де, Нұрсұлтан Назарбаев бастаған еуразияшылдық идеясының заңды жалғасы -Университеттердің еуразиялық қауымдастығы аясында бірлесіп жұмыс атқару қажет», - деді В.Садовничий.Айта кетейік, бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезінің қорытындысы бойынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс жолданып, ұйымның құрамына қосымша 13 университет қабылданды. Қауымдастық кеңесіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов мүшелікке сайланды. Сондай-ақ ұйым өткізетін дәстүрлі «Университеттер мен қоғам» халықаралық конференциясын 2010 жылы сәуір айында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.