ҰОК мерейтойына арналған шараға орай елордаға әлемдік Олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары келіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордаға Ұлттық Олимпиадалық комитеттің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысу үшін әлемдік Олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары мен беделді қонақтар келіп жатыр.
None
None

Қазіргі таңда Астанаға 15 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенттері мен өкілдері келді. Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы және  Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах, Халықаралық спорттық федерациялар президенттері - Хулио Сезар Маглионе (Халықаралық жүзу федерациясы, FINA), Клаус Шорманн (Халықаралық қазіргі бессайыс одағы,  UIPM),   Ненад Лалович (Біріккен күрес әлемі, UWW),  Тамаш Аян (Халықаралық  ауыр атлетика федерациясы, IWF) және Мариус Визер (Халықаралық дзюдо федерациясы, IJF) келеді деп күтілуде. 

Ширек ғасырлық мерейтойға әлемдік дәрежедегі спорт жұлдыздары, Олимпиада ойындарының  чемпиондары мен жүлдегерлері атанған қазақстандық спортшылар шақырылған.

Салтанатты шара 17 наурызда елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында болады. Онда сонымен қатар Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен  Азия Олимпиадалық кеңесі Орталық Азия аймағы елдерінің Бас Ассамблеясы өтеді. Жиын барысында  Саппорода өткен Азия ойындарына қатысқан ұлттық құрамалардың көрсеткіштері қорытындыланып, қысқы спорт түрлерінің дамуына қатысты мәселелер талқыланады.

 
Соңғы жаңалықтар