Urker – 2023 сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада Urker – 2023 республикалық БАҚ өкілдеріне арналған сыйлықтың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл байқау 12 номинация бойынша өтті, оның ішінде 3 жаңадан қосылған номинация бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылы сыйлыққа таласушылардың дені көп, 450 өтінім түскен.
Салтанатты шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті.
Urker – 2023 сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты – Лэйла Тастанова Time.kz
Жылдың үздік репортажы – Рабиға Дүсенғұлова Tengrinews.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Амангүл Тілейқызы El.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация) Анна Величко Golos-naroda.kz
Жылдың үздік аналитикалық материалы – Меруерт Сарсенова Kapital.kz
Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Nege.kz
Радиостанциядағы үздік жоба – «Orda FM» «Zhas STAR» бағдарламасы
Жылдың үздік фотосуреті – Валерий Бугаев
Үздік өңірлік БАҚ – «Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)
Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы) – «Қазақ елі» журналы (Түркия)
Үздік подкаст – «OY-DETOX» Әйнел Әмірхан
Үздік YouTube каналы – Абай Сейфоллаұлы «Abay Live»
Арнайы сыйлық – «Ана тілі» газеті