«URKER – 2025» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада журналистика саласындағы ең беделді марапаттардың бірі — «URKER – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды. 

«URKER – 2025» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Биылғы жеңімпаздар тізімі:

Жылдың үздік порталы – «Adyrna» ұлттық порталы.

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Тамара Вааль (Vlast.kz).

Үздік өңірлік БАҚ – «Астана ақшамы» газеті.

Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Майра Ерғали («Атырау» газеті).

Жылдың үздік сұхбаты – Бауыржан Карипов (Qaz365.kz).

Радиостанциядағы үздік жоба – «Нысана» («Шалқар» ұлттық радиосы).

Жылдың үздік фотосуреті – Игорь Бургандинов («Казахстанская правда»).

Жылдың үздік подкасты – Qstar Group.

Жылдың үздік YouTube-арнасы – «Эксперты KZ».

Жылдың үздік репортажы – Иван Сухоруков (Tengrinews.kz).

Жылдың үздік аналитикалық материалы – Илья Пащенко («Казахстанская правда»).

Сонымен қатар, ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров арнайы номинация – «Жұмысшы мамандықтары жылына арналған сыйлықты» Zakon.kz редакциясына тапсырды.

Арнайы жүлделер:

«Үркер» ұлттық байқауының арнайы сыйлығы – «Казахстанская правда» газеті.
«Үркер – 2025» арнайы жүлдесі – «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігіне берілді.

«URKER – 2025» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Марапатты қабылдаған «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан өз сөзінде:

– Бұл сыйлық қазір қолымда тұрғанымен, кеңседегі, өңірдегі, шетелдегі тілшілердің қуанышын елестетіп отырмын. «Kazinform» — Қазақстандағы тұңғыш ақпарат агенттігі әрі халықаралық деңгейдегі мәртебесі бар ұйым. Біз ақпаратты 5 тілде — қазақ, орыс, ағылшын, өзбек және қытай тілдерінде ұсынамыз. Сондай-ақ төте жазумен қандастарымызға арнап материалдар таратамыз. Биыл 105 жылдық мерейтойымызды атап өтіп, агенттік жайлы кітап шығардық. «Үркер» жүлдесі – біздің еңбегімізге берілген үлкен баға және мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен қамқорлықтың белгісі, – деді ол.

Байқаудың ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның серіктестері – «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Sport+» телеарнасы.

Марапаттау рәсіміне қоғам және медиа саласының танымал тұлғалары, Парламент депутаттары, жетекші ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.

Еске сала кетейік, биыл Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл толды.

Камила Мүлік

Соңғы жаңалықтар