Ұрлаған алтын бұйымдарын сатып, көлік алған - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Шиелі кентіндегі базарлардың бірінде орналасқан «Ақжан» әшекей бұйымдарын сататын дүкенге кіріп, әр түрлі үлгідегі алтын алқаларын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ұрлаған алтын бұйымдарын сатып, көлік алған - Қызылорда

Салдарынан дүкен иесіне жалпы құны 3 455 000 теңге мүліктік шығын келтірілген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.
null

 Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысты жасады деген күдікпен Ақжарма ауылының 1982 жылы туылған тұрғыны ұсталып, Шиелі АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Күдіктінің барлық алтын бұйымдарды сатып жіберіп, түскен ақшаға автокөлік сатып алғандығы анықталды.
null

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.